Тоқтарбай Жаниэлла
Мұғалімнің жеке сайты. Қош келдіңіздер!
Тоқтарбай Жаниэлла
Мұғалімнің жеке сайты. Қош келдіңіздер!
Тоқтарбай Жаниэлла
Мұғалімнің жеке сайты. Қош келдіңіздер!
zhtarba@mail.ru
+7 777 388 88 88
Менің әлсіз жақтарым
Ұялшақтық
Қорқыныш
Өзіне деген сенімсіздік
Ашуланшақ
Ұсақ-түйектерге үлкен мән беру
Менің күшті жақтарым
Жауапкершілігі мол
Қарым-қатынасқа ашық
Аз уақытта, тез бейімделу
Табандылық
Тез үйрену қабілеті
Еңбексүйгіштік
Ұстаздық мамандық емес, ұстаздық ...
Қай ғасырда болсын, ұстаз ұлы тұлға болып қала бермек. Ұстаздығынан жаңылмас үшін бұл маман иесінің бойында жеке ерекше қасиеттері болуы керек.
Қазіргі мұғалім бойында ең бастысы сабырлылық және ұстамдылық қасиеттері керек. Қандай жағдай болмасын, мұғалім өзінің беделін түсірмеуі қажет. Мұғалім беделі әр ұстаздың өзіне байланысты. Қоғам өміріндегі кездесетін келеңсіз жайттарға да, әсіресе әлеуметтік желідегі саяси тақырыптарға ұстаз өзінің үлкен білім иесі екенін, зиялы қауым өкілі ретінде әр түрлі алып-қашпа әңгімелерге терең біліміне сүйене отырып, жауап беру керек деп ойлаймын. Бүгінгі қоғам алдында өзінің беделін әрқашан биіктен көрсете білуі қажет. Себебі ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелеуші тұлға. Мектеп қабырғасында оқушылар өзінің ұстазына қарап бой түзейді, ұқсағысы келеді. Осыны естен шығармаған жөн.
Бүгінгі таңда мұғалім адамгершілік құндылықтары қалыптасқан, өз елінің мәдениетін бағалай білетін және өзгелердің мәдениетін құрметтейтін, әлемді өркендетуге үлес қосуға дайын, дені сау, зияткер, шығармашыл, табысты тұлғаны тәрбиелеуі керек.
Қазіргі мұғалім ең алдымен қарапайым адам болуы керек. Бұл оның жоғары адамгершілік қасиеттерге ие болуы, белсенді позициясы болуы және қоғамдық өмірге қатысуы керек дегенді білдіреді.
Адамға тән қасиеттер жетерлік, ол – адамгершілік, белгілі бір руханилық, гуманизм. Жақсы мұғалім әрқашан өз қателіктерін мойындайды және оны түзетеді, оқушыларға құрметпен қарап, барлығымен бірдей байланыс орнатуға тырысады.